Н. Назарбаев "республиканың оңтүстік аймағында газ сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбырын тарту жөніндегі мәселені тақылап, құрылысқа көшуді" тапсырды . Сондай-ақ, ол үкіметке "Ақтау қаласында атом электр станциясы құрылысына қатысты нақты ұсыныстарды енгізуді" тапсырды.
Мемлекет басшысы атап өткеніндей, халықты электр қуатымен қамтамасыз етудің басты міндеттеріне Балхаш ТЭС, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші қуат блогының құрылысы, Мойнақ ГЭС құрылыстары кіреді. Ол сондай-ақ, 2009 жылы "Солтүстік-Оңтүстік-Қазақстан" жобасы бойынша электр тарату қуаттылығы 700 кВт екінші желісі мен "Солтүстік Қазақстан -Ақтөбе облысы" электр тарату желісінің құрылыстарын аяқтау қажет дегенді айтты.
"Үкімет сонымен бірге электр қуатын үнемдейтін, экологияға зардап келтірмейтін технологияларды енгізуге күш жұмсауы керек", - деп қорытындылады Н. Назарбаев.