Сондықтан премьер-министр, Президент әкімшілігінің жетекшісі мен көмекшілерін шұғыл Ақордаға шақырып, қазына қаржысын барынша үнемдеуге пәрмен берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жалпы ахуал дүние жүзіндегі экономикада, біздің экономикада да қиындап бара жатқаны белгілі. Біздің экспорттық тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты, бюджеттің жағдайы да қиыншылық көретін болады. Қазір келесі жылдың бюджетін қарайын деп отырсыңдар. Сондықтан, барынша үнемдеу қаржыны, елдің бәрі оны түсіну керек. Ол үшін біріншіден, әлеуметтік төлемдер орындалу керек. Сондықтан, басқа қоя тұратын бағдарламалар болса, оның бәрін тоқтата тұру керек.
Тоқтайтын сол бағдарламалардың тізімін Үкімет тез арада жасап шығуы тиіс. Сондай-ақ, Назарбаев басшылары шетінен жемқорлық дауымен тұтқындалып жатқан ЭКСПО-ға да алаңдаушылық білдірдіріп отыр. Елбасы 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмені абыроймен атқаруға және жоғары деңгейде ұйымдасыруға барынша күш салуды Үкіметке тағы ескертті. Жиында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы және өзге де ауқымды шараларға дайындық мәселелері де талқыланды.
Loading...