"Инфрақұрылымдық даму тәсілдерін қайта қарау керек.
Ағымдағы жылыту маусымы қаншалықты қиын болғанын бәрі біледі, әсіресе жекелеген аймақтарда. Ескірген энергетикалық инфрақұрылым мүмкіндіктер шегінде жұмыс істейді.
Менің тапсырмам бойынша электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделі әзірленуде.
Ол барлық қатысушылардың жұмысының ашықтығын арттыра отырып, салаға қосымша инвестициялар тартуға бағытталған", - деді президент.
Оның айтуынша, мәжілісте электр энергетикасына қатысты үш заң жобасы бар.
Депутаттық корпус оларды жедел қарап, тиісті заңнамалық өзгерістерді қабылдауы тиіс.
"Коммуналдық желілердің жоғары тозуына байланысты барлық дерлік аймақтарда ауыр апаттар үнемі болып тұрады. Көптеген қалаларда негізгі инфрақұрылымның жетіспеушілігі байқалады: жолдар, электр желілері, газ құбырлары және т.б. Осыған байланысты елдің тұрақты инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыруға бағытталған ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды қабылдауды ұсынамын. Онда Инфрақұрылымдық дамудың негізгі проблемаларын көрсетіп, 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобаларды белгілеу қажет", - деп атап өтті Тоқаев.