Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылуға тиіс.
"Елге енгізілетін медициналық препараттардың сапасына қойылатын бақылауды күшейту қажет, отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестицияларды белсене тарту керек", - деді президент.
Президенттің пікірінше, "жалпы алғанда отандық денсаулық сақтау жүйесі әзірге заманауи талаптарға сай келмей отыр". "Қазіргі бар инфрақұрылым мен медициналық қызметтің сапасы біздің көңілімізден шықпайды. Осыған байланысты үкімет денсаулық сақтау нысандарын дамыту мен қалпына келтіру жұмыстарын пәрмендендіре түсуге тиіс", - деді Н. Назарбаев.
"Болашақ" бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға бөлінетін квота мен медициналық жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттардың санын арттыру қажет, деді президент.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылы республикамызда республикалық деңгейдегі он нысан мен жергілікті маңызы бар 112 нысан салу жоспарланған.