Президент ЕҚЫҰ 2010 жылы төрағалық етуге байланысты "Еуропаға апаратын жол" атты арнайы бағдарламасын дайындауды тапсырды

"Еуропаға апаратын жол" атты арнайы бағдарлама дайындау қажет. Ол экономикалық ықтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды енгізіп, басқару тәжірибесін молайтуға, біздің заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-ына біздің төрағалық етуіміздің стратегиясын күн тәртібінде жоспарлап, дайындау істерінде көмек көрсетуі керек", - деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев сондай-ақ, "ЕҚЫҰ төрағалық қызметіне біздің кандидатурамызды ұсынған" ТМД елдерінің басшыларына ризашылығын білдірді.

"Бүгінде біздің мемлекет халықаралық мойындаудың жаңа деңгейіне көтерілді. Оған Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету жөнінде шешім толық дәлел бола алады ", - деп атап өтті президент.