Президент Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қатысты заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мемлекет басшысы «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды",-делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.