Президент ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Заңның жобасы заң нормаларын жетілдіру мен оларды қолданыстағы заңдармен сәйкестендіру мақсатында жасалған.

Заң жобасына сәйкес, үкіметтің ішкі әскерлер кеңесін құру құзыретін ҚР ІІМ-іне беру ұсынылған. Сонымен бірге ішкі әскерлердің қолбасшысына өзінің орынбасарларының кандидатурасын министрлікке таныстыру құқығын беруді заңдастыру ұсынылған.

"ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы" заңынан кейбір терминдер алынатын болды. Мәселен, "прапорщик" және одан туынды сөздер алынып, "әскери қызмет" сөз тіркесі "жауынгерлік қызмет" тіркесімен алмастырылатын болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті