Президент ішкі істер органдары туралы заңға қол қойды

Бұл құжат халықаралық стандарттарға сәйкес полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ішкі істер органдарының міндеттері мен функцияларын айқындауға, олардың қоғаммен өзара байланыс тетіктерін жетілдіруге, ішкі істер органдары қызметкердері үшін әлеуметтік кепілдікті нығайтуға бағытталған, деп бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Заңға сәйкес, орталық аппарат және ішкі істер органдары ретінде ішкі істер министрлігінің құзырын бөлу, олардыі міндеттері мен құқықтарын айқындау, заңдылықты нығайтудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және полицияны өзіне тән емес функциялардан босату қаралған.