Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.