Президент Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

Бұрын хабарлағанымыздай, Кедендік кодекске енгізілетін өзгертулермен 316-баптың 1-тармағының 7 тармақшасы мен 383 баптың 1-тармағының 5 абзацы қысқартылды.

Заң жобасының авторлары - парламент депутаттарының тобы, Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 316-бабы "мәлім етілген кедендік құнды растау үшін құжаттар ұсыну" мен 383-бабының "таңдап алынған кедендік режимнің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну" жөніндегі жекелеген нормаларын жүзеге асыру "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және әкетілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді қиындатып, орындалуы мүмкін емес жағдайға әкеп соқтыратындығын " түсіндірген болатын.