Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциға енгізілетін өзгерістерді таныстырған мемлекет басшысы: "қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттен қаржыландыруға тыйым салатын нормадан бас тарту ұсынылып отыр",- деді. "Бұл тыйым іс жүзінде мемлекетіміздің бұрынғы бір партиялы жүйеге қатысты көзқарасын білдірді және ол болашақта тоталитарлық билікке жол бермеуге бағытталды",- деді президент.
"Сол себепті қазір саяси партиялардың іс-қызметін жартылай республикалық бюджеттен қаржыландыруға бағытталған тәжірибелік тетіктерді ойластырған орынды",- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге, мемлекет басшысының пікірінше, "саяси мақсат-мұраттарды шешуде басты құралға айналатын партиялық фракциялардың ролін көтеруге құқықтық негіз қалау қажет". "Болашақ үкімет басшысының кандидатурасы дәл осы фракциялардың отырыстарында талқыланатын болады. Депутаттардың қалай дауыс беретіндігін фракциялар айқындайды",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті