Президент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңның басты мақсаты- машиналар мен жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу. Талаптар адамның өімірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Заң ішкі рынокты потенциалдық қаупі бар машиналар мен жабдықтардың енгізілуінен қорғауға, отандық машина жасау саласының бәсекелестік қабілетін көтеруге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті