К.Сағадиев президентті төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің Қазақстанның одан арғы әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімді заңнамалық базасын қалыптастыру жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
"Президент алдағы кезеңге арналған елімізді дамыту жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастырудың сапасын арттыру және ел экономикасын әртараптандыру үдерісіне жаңа серпін беру мәселелері әңгіме болды", - деді К.Сағадиев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті