"Мемлекеттің кадр саясатының мәртебесін нығайту үшін тиісті ұлттық комиссия құрылады. Мүмкін, бастапқыда оны мен басқаратын шығармын", - деді Н. Назарбаев.
Президенттің нақтылауынша, комиссия "жаңа кадр саясатының басты ережелерін жасау мен бақылау, жоғары буындағы қызметкерлерді өсіру мен тағайындауға жауап береді".
"Үміткерлерді іріктеу сапасын көтеру тұрғысынан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің және мемлекеттік органдардың кадр іріктеу қызметтерінің ролін арттыру керек", - деді ол.
Мемлекет басшысының атап көрсетуінше, "мейлінше дарынды әрі дайындық деңгейі жоғары үміткерлерді дайындаудың жаңа жүйесін енгізу, рекрутинг және кәсіби өсу жүйелерін енгізу үшін агенттіктің жанында мемлекеттік қызметтегі мамандарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құру қажет".