Президент мереке қарсаңында жоғарғы әскери шендер мен арнайы атақтар табыс етті

Салтанатты шарада мемлекет басшысы қарулы күшт ердің қай кезде де жас ұрпақты тәрбиелеуде негізгі рөл атқарғанын атап өтті.

«Офицердің ар-ожданы» деген түсінік ешқашан ұмытылмаған және оның мәні төмендемеген. Жауынгердің ерлігі оның әрдайым Отаны мен халқы үшін жанын беруге дайын тұруында. Сіздер Отанға қызмет ету үлгісін көрсете отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелейсіздер, қоғамымыздағы рухани құндылықтарды нығайтуге үлес қосасыздар. Еліміз сіздер қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсенді үлес қосады деп үміттенеді. Сіздердің бұл міндетті абыроймен атқарып, алған атақты ақтайтындарыңызға кәміл сенемін», - деді президент.

Мемлекет басшысы бүгінгі марапаттың жылдар бойы қалтқысыз атқарған еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында Ұлттық гвардия бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов пен Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровқа генерал-лейтенант атағы берілді.

Генерал-майор атағы Ұлттық гвардия бас қолбасшысының бірінші орынбасары Бейбіт Ашқаровқа, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Жасұлан Жұмашевқа, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшысы Нұржан Мұқановқа, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Әуе қорғанысы күштері бас штабының бастығы Марат Уашпаевқа, «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы басқармасының штаб бастығы Марат Құсайыновқа берілді.

Ұлттық қауіпсіздіктің генерал-майоры арнайы атағын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбіш, Астана қалалық департаменттің бастығы Құрман Елубаев, Ақтөбе облыстық департаменттің басшысы Нұрлан Қыдырбаев алды.


Қаржы полициясының генерал-майоры арнайы атағы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айвар Бодановқа табысталды. Сыртқы барлау генерал-майоры арнайы атағы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Руслан Омаровқа берілді.

Полиция генерал-майоры арнайы атағын Қарағанды облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров, Алматы қалалық ІІД бастығы Серік Күдебаев, Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Мәткенов алды.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуроры Степан Зайтлерге, Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік қарамановқа, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибрагим Имановқа 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені берілді.