«Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа түрі Голландиядан арнайы әкелінген. Бұл гүлдің атауы Елбасының осы елге барған сапары кезінде берілген екен. Жаңа кесілген қызғалдақты тура президенттің жұмыс кабинетіне жеткізген “Шелл” концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берден. Тосын сыйлыққа риза болған Нұрсұлтан Назарбаев «Шеллдің» «Қашағанды» игеріп жатқан негізгі инвесторлардың бірі екенін айтты. Елімізге 8 миллиард инвестиция салған бұл компания әлемде мұнай мен газға барлау жүргізіп, қара алтынан мол табыс тауып отырғандардың бірі.
Loading...