Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаев сапар барысында бұзылған базарлардың орнына қалалық демалыс аймағы салынған "Озера" ауданына барып қайтпақ.
Бұдан кейін Н. Назарбаев жуырда ашылған "Шымкент" Мега орталығы" сауда орталығына барады. Президент онда нысанның өзімен қатар, оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер ұсынған инвестициялық жобалармен танысады.
Нұрсұлтан Назарбаев осыдан кейін әуежайда Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халиф бен Заиф аль-Нахаянмен жүздеседі, кездесуден кейін ол Астанаға аттанып кетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті