Кездесуде Ұйымға мүше мемлекеттерге төніп тұрған қауіп-қатерлерге қарсы күрес жолдары талқыланды.
Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Бордюжа Қазақстан президентіне ҰҚКҰ-нің Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына даындық жайын әңгімелеп берді.
Аймақтағы жағдайдың күн сайын құбылуына байланысты ҰҚКҰ алдына жаңа міндеттер қоюға болады, деді Н.Назарбаев.
«Коалициялық күштер Ауғанстаннан шығарылады. «Ислам мемлекетіне» байланысты қауіп-қатерлер көбейіп жатыр. Мұндай жағдайда Ұйым ахуалды зерттеп, болжам жасап отыратын және ұжымдық шаралар ұсынатын сараптама орталығына айналуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.