Куала-Лампурда Малайзияның жаңа әкімшілік орталығында Қазақстан президенті Туанку Королі Саид Сираджуддин Джамалуллаилмен және премьер-министр Абдулла бин Хаджи Ахмад Бадауимен кездесті.
Сапар бағдарламасы аясында Малайзияның бірқатар инновациялық корпорацияларын, оның ішінде Ұлттық тіркеу департаментін және мультимедиялық даму корпорациясын аралау қарастырылған. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен Қазақстан-Малайзия бизнес-форумға қатысып, Малайзиядағы инновациялық реформалардың негізін қалаушы – бұрынғы үкімет басшысы Тун Махатхир Мохамадпен кездеседі деп жоспарланған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Елбасы Малайзияның жоғарғы билеушісі Ян ди-Пертуан Агонг XII Туанку Саидпен кездесті. Кездесулердің қорытындысы бойынша қосарланған салықты болдырмау және кіріс салығынан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдерге қол қою межеленген.
ҚР СІМ-нің анықтамасына сәйкес, Қазақстан мен Малайзия арасындағы тауар айналымы 2005-жыл қорытындысы бойынша 60 млн. доллардан асты.