Президент облыс басшыларына өткен аптада жария етілген халыққа жолдауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді нақтылап берді

Жолдаудың азаматтардың көптеген санаттарына айтарлықтай әлеуметтік төлемдерді қарастыратын әлеуметтік бөлігіне баса назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев бұл күш-жігерлер халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратынын атап көрсетті.

Жергілікті жерлердегі атқарушы биліктің алдына экономикалық және саяси жаңартуларды жандандыру, өмірдің барлық салаларында түбегейлі ілгерілеулерге қол жеткізу, ұтқыр экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды табысты жүзеге асыру міндеттері қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті