Президент өкімімен Нұржан Тұрсынханов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтының мәліметіне сәйкес, Нұржан Тұрсынханов 2003 жылы Ноттингем университетін экономика ғылымдарының бакалавры дәрежесімен тәмамдаған. Кейін 2020 жылы Назарбаев университетінде басшыларға арналған іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) бағдарламасы бойынша білім алған.

2003-2004 жылдары «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ Қазынашылық департаментінде трейдер болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2012-2015 жылдары «Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2015 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінің директоры болды.

Сондай-ақ 2020 жылдан бастап «Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.