Президент Өзбекстанды ЕурАзЭҚ-қа біріктіру туралы хаттаманы бекітетін заңға қол қойды

“Бұл хаттаманың жобасы Өзбекстан Республикасы ЕурАзЭҚ-қа мүшелікке өту туралы өтініш жасауға байланысты жасалып қол қойылды”,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Бұл хаттамада Өзбекстанды аталмыш ұйымға мүшелікке қабылдауға байланысты ЕурАзЭҚ органдарының шешім қабылдауына және қоғамдастықтың бюджетін қалыптастыру және пайдалануға байланысты енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қарастырылған.

Екі хаттамаға да 2006-жылдың 25-қаңтарында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.

ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері енеді.