Президент пен ENI корпорациясының бас директоры Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады



Кездесу барысында Н.Назарбаев пен П.Скарони Қарашығынақ және Қашаған кеніштерін игеру мәселесін талқылады.
П.Скарони кездесуден кейін: "президентпен кездесуде болашақ туралы талқыладық. Бұл жерде болашақ деген ұғымға тек кеніштер ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіпке, соның ішінде мұнайхимиясына инвестиция салу мәселесі де енеді",- деді корпорация басшысы.
Қазіргі таңда ENI корпорациясы Нигерия, Пәкістан, Иран, Ангола, Египет, Италия, Австралия және Венесуэланың мұнай және газ кеніштерін игеруге атсалысады.
Қазақстанда ENI корпорациясы Қашаған кеніші бойынша 16,7 процент, Қарашығанақ кеніші бойынша 32,5 процент, КТК акцияларының 2 проценттік үлесін иемденеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті