Президент пен ҰҒА-ның президенті еліміздегі ғылымды дамытудың басым бағыттарын талқылады



"Ұлттық ғылым академиясы қазір батыстың үлгісіндегі жаңа модельмен дамып келеді. Оның басты ерекшелігі - ҰҒА әкімшілік жұмыстармен шұғылданбайды, тек қана шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол үш бөліктен тұрады. Біріншісі - ғылымның мемлекетке тиімді жолдары талқыланатын Ұлттық баяндама әзірлеу, екіншісі- ғылыми жетістіктерді насихаттап, жастарды ғылымға тарту. Үшінші әрі ең басты міндеті ғылыми жобаларға сараптама жасау", деді М. Жұрынов мемлекет басшысының қабылдауынан кейін журналистерге арналған брифингте.