Президент Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасап, Caravan.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы
Берік Уәли.