Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бұл туралы Caravan.kz порталы Akorda.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына Ливия Елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия Елшісі Роберт Кирнаг, Алжир Елшісі Камал Фениш және Кения Елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамоталарын табыс етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, Елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.