Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі кеңейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ADYRNA.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдай туралы заңға 14 бағыт бойынша жаңартулар енгізілгенін мәлім етті.

«Бұл банктік, салықтық, бюджеттік, кедендік, мемлекеттік сатып алу және тағы басқа бағыттар. Елімізде төтенше жағдай кезінде осы салалардағы реттеу шаралары ерекшелікке ие болады. Себебі аталған салалар еліміздің экономикасына тікелей әсер етеді. Сондықтан оларды қадағалауға тиісінше көңіл бөлу керек»,-деді министр.

Аталмыш заң жобасына сәйкес, ел президенті төтенше жағдай кезінде қажет болған жағдайда қиындық туғызған кез келген мәселеге араласа алады. Бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін маңызды. Ұлттық экономика министрі ТЖ кезінде қабылданған заң актілері режим аяқталғанша заңдық күшке ие екенін атап өтті.