“Ағымдағы айда біз Әзербайжан үкіметімен арадағы Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге қол қоямыз. Келісімге Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 17-маусымдағы саммиті аясында қол қойылмақшы”,- деді Н.Назарбаев.
“Мұнай тасымалдау мәселесінің Қазақстан үшін маңызы зор. Қазақстан үшін бірінші жоба - Солтүстік Каспий мұнай құбырын (КТК) дамытып, оның қуатын қазіргі 23 млн. тоннадан 60 млн. тоннаға жеткізу. Екіншісі – Ресей арқылы Балтық аймағына жететін құбыр жобасы. Өздеріңізге мәлім, былтыр Қытайға дейінгі мұнай құбыры салынды. Қазір Қытайға дейін газ құбырын тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, деді президент.