Президент Қазақстанда тамақ өнімдерінің бағасы қымбаттамайтынын және азық-түліктің жетіспеушілігі болмайтынын мәлімдеді

"Бірінші қажеттіліктегі, әсіресе, азық-түлік тауарларының бағасы қатты көтеріледі деген секілді әртүрлі қаңқу сөздер жүр. Астананың 10-жылдығын тойлай салысымен баға аспандап кетеді деген сияқты сөздер айтылуда. Бұл ешбір дәлелсіз, жалған сөздер. Бұған ешкім де сенбеуі керек", - деп мәлімдеді ол. "Ешқандай күтпеген оқиғалар, азық-түлік жетіспеушілігі бізде болмайды. Мен мұны ресми түрде барлығына мәлімдеймін", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.