"Кетіп бара жатқан 2007 жыл тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең бір елеулі жылдардың бірі болды деп біз нық сеніммен айта аламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Жалпы алғанда бұл жоғары қарқынды әрі белсенді жыл болды", -деді президент. "Елімізде ондаған ірі нысандар пайдалануға берілді, олардың бәрі де ғылым мен техниканың заманауи деңгейіне сай келеді. Олардың кейбіреуінің тіпті әлемде баламасы жоқ", - деді ол.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ауылшаруашылығы саласындағы табыстарына да тоқталып өтті : "біздің дихандар рекордтық көлемде астық өсірді. Ал бір тұрғынға шаққандағы ұн өндіру көлемі мен ұн экспорты бойынша Қазақстан дүниежүзінде жетекші орынға көтерілді". Президент бұған қоса елімізде жүргізілген конституциялық реформалардың айрықша ролін атап өтті. "Біз ағымдағы жылы саяси реформаларды жүзеге асырып, Конституцияға өзгерістер енгіздік. Сөйтіп, елімізде демократияға қарай тағы бір қадам жасалды", -деді ол. "Қазақстанның дамуы, саяси тәжірибесі мен салмағын мойындаудың куәсі ретінде еліміз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болып сайланды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
"Бір сөзбен айтқанда, біз кетіп бара жатқан жылы еліміз халқының барлық салалары бойынша ілгерілеушілікке қол жеткіздік деп айта аламыз", - деді мемлекет басшысы. "Біз гүлденген бәсекеге қабілетті мемлекет құру жолында үлкен қадам жасадық", - леді Нұрсұлтан Назарбаев.