Президент: Қазақстанның басты байлығы - адамдар

"Бесінші. Адами капиталдың сапасын дәйекті түрде арттыру қажет. Бұл мәселеге ерекше назар аударатынымды білесіздер. Қазақстанның басты байлығы – адамдар екеніне сенімдімін. Бұл адамдар, олардың білімі мен құзыреттілігі, біздің еліміздің алға жылжуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Ол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияларды едәуір ұлғайтты", - деді президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ, президент балабақшалардағы орын тапшылығының төмендегенін атап өтті. Барлық өңірлерде мектептер жөнделіп, салынуда, оқу орындарын материалдық-техникалық жарақтандыру жақсартылуда. Алайда жүргізіліп жатқан жұмыс жеткіліксіз.

"Білім беру сапасын, әсіресе орта білім беру сапасын арттыру үшін түбегейлі қадамдар қажет.
Білім беру процесінде мұғалім негізгі тұлға болып табылады. Оның мәртебесін, қоғамдағы беделін одан әрі арттыру керек. Сонымен қатар, ұлттық біліктілік тестілеу барысында мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерінің көпшілігі өту балын жинай алмады. Тәжірибелі мұғалімдер маған талаптардың тым күрделі екеніне шағымданады. Мүмкін оларды жеңілдету және жетілдіру керек шығар. Бұл салада біржола қатып қалған ережелер жоқ. Бірақ кез - келген жағдайда мұғалімдерге қойылатын талаптар жоғары болуы керек", - деді Тоқаев.

Мектептердегі бос жұмыс орындарын кез-келген жолмен толтыруға тырысу педагогикалық кадрлардың сапасын жоғалтуға әкеледі, деп санайды президент. Шенеуніктер мұғалімдердің дайындық деңгейін арттыру үшін шаралар қабылдауы керек.


"Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға да басымдық беру керек. Бұл салаға кәсіби мамандарды тарту қажет. Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің мыңдаған көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы іске қосылады.
Жоғары білім беру жүйесінде кадр мәселесі де өткір тұр", - деді Тоқаев.