Президент қоғамда дүрдараздық тудыру әрекеттерінің алдын алу үшін заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынады

"Көп партиялы жүйе мен саяси пікір алуандығы қоғамның ажырамас құрамды бөлігіне айналды. Олар бұдан былай да дами береді, ол - қажеттілік. Бірақ қазіргі байқап отырғанымыздай, саяси партиялардың ықпалдастығы өзара тайталастық сахнасына айналуға тиіс емес",- деді президент.

"Сондықтан еліміз азаматтарының мүддесіне сәйкес біз қоғамды қақ жаруды діттейтін әрекеттерге заңдық тұрғыда тоқтау салуға тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.