Президент қоры үздік жастарды анықтады

Жастарды қолдауға арналған шара аясында бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Мұнда атақты мәдениет қайраткерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерін бөлісті. Ал, гала-концертте еліміздің атақты артистері өнер көрсетіп, жүзден жүйріктер қордың бағалы сыйлықтарын иеленді. Байқау іздемпаз жастардың ашық сұхбат алаңына айналды.


Біржан Хасанғалиев, әнші:

–Тұңғыш Президент қоры осындай керемет іс-шараны өткізіп жатқанына 7-8 жыл болды. Мұнда әртүрлі өнерде жүрген біздің жастарды біріктіріп жатыр. Менің ойымша бұл өте керемет идея. Қордың басты мақсаты – өнерде жүрген жастарға қолдау жасау.