"Бізде жалпы құқық қорғау органдары барлық реформалардан мүлдем тыс қалды. ІІМ, ҰҚК, прокуратураның, сот жүйесінің функциялық міндеттері қандай - қоғам бұл туралы білмейді. Нәтижесінде біреуі екіншісін қайталайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен, нашақорларды ұстаумен бәрі айналысады. Ал, түптеп келгенде ешкім ештеңемен айналыспайды",- деп мәлім етті Н. Назарбаев.
"Президент әкімшілігіне құқық қорғау органдарында, сонымен қатар президентке жауапты барлық ұйымдарда әкімшілік реформалар жүргізуді тапсырамын",- деп қосты ол.
Президент өткен жылы "еліміздің құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің криминалдық құбылыстарға қарсы әрекет ету, азаматтарымыздың өмірі мен құқықықтарын қорғау әлеуеттілігі айтарлықтай нығайғандығын" атап өтті. "Бірақ олардың іс-қызметтерінде елеулі кемшіліктер бар",- деп ескертті мемлекет басшысы.
"Құқық қорғау және сот жүйелері қазақстандықтардың құқықтарын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз етіп, бизнесті заңсыз қол сұғушылықтардан қорғауға тиіс",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
"Осы саладағы басым мақсат - жазалау әрекеттері емес, заң бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болуға тиіс. Сондықтан да үстіміздегі жылы заң бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын әзірлеп, парламентке енгізу қажет",- деп мәлім етті президент.