Кездесу кезінде екі мемлекет арасындағы мәдениет саласындағы қарым қатынастар мәселелері мен болашағы талқыланды.
"Қазақстан да мен үшін отан. Қазақтың шығармашылық зиялы қауымымен қарым қатынастар жасалып, ықпалдасу шаралары жалғастырылып жатыр", - деді Ш. Айтматов президентпен кездесуден кейін өткен брифингте.
Жазушы айтқанындай, оның "Тавро Кассандры" романы бойынша Қазақстан жағы фильм түсіруді жоспарлап отыр. "Тавро Кассандры" фильмнің бағдарламасы айтарлықтай алға жылжып, дайындалып жатыр", - деп атап өтті ол.
Ш. Айтматов журналистерге өзінің шығармашылық жоспарлары туралы да айтты. "Бір нәрселерді жазып жатырмын деп айту ертерек. Бірақ бұл тарихи шығарма болатынын айта аламын. Онда қазіргі жаһандану мәселелері, біздер мен сіздер бастан кешкен кезеңдер қамтылатын болады ", - деді ол.
Жазушы атап өткеніндей, президентпен өткен кездесу кезінде Орталық Азия аясындағы ықпалдастық мәселесінің маңыздылығы талқыланды. "Әрине, біздің мемлекеттер, біздің мәдениетіміз, индустриямыз бірлесуімізге сәйкес болуы үшін көп уақыт керек. Н. Назарбаевтың мен қолдайтын және қолдап отырған орталықазиялық ықпалдастық туралы ұлы идеясы біздің халықтарымыздың уақыт талабына сай толық ықпалдасып, өзара түсіністікте дамуы үшін басты стратегиялық жол болуы мүмкін", - деп атап өтті Ш. Айтматов.