Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Словения сыртқы істер министрі Дмитрий Рупель Нью-Йорк қаласында ҚР СІМ Қ.Тоқаевпен келіссөздер кезінде атап көрсетті.
Кездесу Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдіруіне қатысты мәселені талқылауға арналды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы жетекші ел деп санайтынын айтқан Д.Рупель еліміздің 2009-жылы ұйымға басшылық жасауға деген ықыласын қолдайтынын жеткізді. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму мен қоғамды демократияландыруда айтарлықтай табысқа қол жеткізді, деді ол. Дегенмен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы демократиялық процестердің өзіндік "индикаторына" айналады деп күтілген президент сайлауын жіті қадағалайтын болады, деді басшы.
Қазақстанның СІМ әріптесіне Қазақстандағы демократияны өрістету жоспарлары мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың парламент сессиясының ашылуында, "Отан" партиясының сьезінде және Азаматтық форумда сөйлеген сөздерінің басты түйіндерімен таныстырды.
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға деген талпынысы қазақстандық дипломаттың Нидерланды сыртқы істер министрі Бернард Ботпен кездесудің де басты тақырыбына айналды. Ол еліміздің мүмкіндігін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті