Президент сайлауынан кейін Қазақстанның саяси партияларында кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін

Бүгін «XXI ғасырдағы Қазақстан: табыстылық стратегиясы» тақырыбында өткен басқосуда «Солтүстік-Оңтүстік» саяси орталығының атқарушы директоры Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-талдау орталығы бас директорының орынбасары Юлия Якушева осындай пікір айтты.

Еске салайық, «Еуразиялық мониторинг» сараптама орталығында өткен халықаралық сараптамалық кездесу барысында электоралдық кезеңге байланысты сарапшылар баяндамасы ұсынылған болатын.

«Егер біз сайлау мен сайлау кезеңіндегі Қазақстан үшін болатын салдар туралы айтсақ, онда ең алдымен саяси мәселелер туралы пікірлерге жүгінеміз. Бұл ретте ең бірінші кезекте президенттік сайлауларға тікелей қатысқан партияларда, яғни «Нұр Отан» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясында» кадрлық және ұйымдастырушылық өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтуға болады», - деді Ю.Якушева.


Сарапшының сөзіне қарағанда, партияларда орын алуы мүмкін өзгерістер негізінен сайлау науқаны барысында өздерін белсенді партиялық қызметкер ретінде көрсеткен тұлғалармен байланысты болуы ықтимал, яғни ондай белсенді тұлғалар жоғары позицияларға көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар Ю.Якушева сайлауға қатыспаған партияларда да өзгерістер болатынын жоққа шығармайды.

«Бұл да негізінен алдағы парламенттік сайлауға қатысу үшін өздерінің әлеуетін арттыру қажеттігіне байланысты туындамақ», - дейді сарапшы.