"Біз "Сайлау" электронды дауыс беру жүйесін барлығы 9597 сайлау учаскесінің 1475-інде пайдалануды ұсынып отырмыз",- деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков. Автоматтандырылған дауыс беру жүйесімен жабдықталған сайлау учаскелерінің саны биыл 2004-жылғы мәжіліс сайлауындағымен салыстырғанда 53,5 проценке артық, деді ол.
О.Жұмабековтың айтуынша, "сайлаушы аталмыш сайлау учаскелерінің әрбіреуінде "Сайлау" жүйесімен дауыс бере ме, әлде қағаз бюллетеньді пайдалана ма, ол жағын өз бетімен шешу құқығына ие".
Автоматтандырылған дауыс беру жүйесі барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында, Семей, Жезқазған, Екібастұз, Теміртау және Рудныйда орнатылады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті