Баспасөз қызметінің хабарлауынша, холдинг басшысы президентті "Самұрық" компаниялар тобын дамытудың үстіміздегі жылдың сегіз айындағы жұмыс қорытындылары туралы, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегі жөнінде хабардар етті.
""Самұрық" холдингіне қарасты компаниялар тобының табысы былтырғы жылмен салыстырғанда, орташа есеппен 10-нан 44 пайызға дейін артқан. Мәселен, "Эйр Астана" компаниясы табыстың сенімді өсімін көрсетіп отыр. Мен Мемлекет басшысына теміржол саласын одан әрі реформалау және "Қазақстан темір жолы" АҚ-ындағы менеджменттік жұмыстарды жақсарту жөніндегі жоспарларымыз туралы баяндап бердім. Сондай-ақ кездесу кезінде электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды дамыту мәселесі және Қазақстан аумағы бойынша транзиттік газ құбырларын салудың келешегі егжей-тегжейлі талқыланды", - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті