Президент Shell концерні басшысын қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен концерннің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы жайы талқыланды.

Мемлекет басшысы Shell концернін Қазақстанның мұнай-газ секторындағы маңызды инвесторлардың бірі деп атады.
«Концерн Қазақстанның мұнай-газ кеніштерін игерудегі маңызды серіктесі. Оның ең ірісі Қашаған кеніші болып табылады. Біз осы кенішті әрі қарай игеру мәселелері мен компанияның келешекте біздің елде жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылауымыз керек», - деді Н.Назарбаев.
«Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстанда жемісті жұмыс атқарып жатыр. Өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үмітенеміз», - деп атап өтті Shell басшысы.