Президент сот сараптамасы жөніндегі мәселелер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Енгізілетін өзгерістер сот сараптамасы мәселелері бойынша заңнамалық актілердің жекелеген нормаларын алып тастауға және құқықтық ақтаңдақтардың орнын толтыруға бағытталған.

Заң жобасына сәйкес Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Азаматтық процессуалдық кодекстер мен “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодекске түзетулер енгізілмекші. Атап айтсақ, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен регламенттелген сараптама тағайындау тәртіптеріне өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер процеске қатысушылардың бастамасымен сараптама тағайындау мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге жол ашады. Ал ол өз кезегінде процеске қатысушылардың тең құқылылығы мен бәсекелелілік принциптерін жүзеге асыруға түрткі болмақ. Азаматтық процессуалдық кодекске оның өз ережелері арасындағы ішкі қайшылықты жоюға, сарапшылардың өкілеттілігін нақтылауға бағытталған нормалар енгізілді.