Сот жүйесіне өзгерістер енеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жаңа модель 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылады. Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды.
Жаңа құжат бойынша, елімізде үш кассациялық сот құрылады. Кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Үшеуі де елордада құрылады.
- Қылмыстық
- Азаматтық
- Әкімшілік істер бойынша бір бірінен бөлінген үш кассациялық сот болады.
Соттардың өңірде емес, Астанада оқшаулаудың қисынды негіздемесі бар. Бұл үш жаңа сот және олардың судьялары жергілікті биліктің, бизнестің не күштік құрылымдарының ықпалына түспейді. Яғни ешкімнен қорықпай, әділ үкім шығара алады.
Кассациялық соттар ішкі резерв есебінен құрылуы мүмкін. Қазір 300-ден астам бос жұмыс орны бар.