Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Президенттің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі.К
Кешебалаларға жаңажылдық сыйлықтар, яғни - Президенттің құттықтау хаты, кітап және «Оrchestra» дүкендерінен киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды, - деді ол.
Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға және әр түрлі жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға табысталады.
Б
Балаларғажаңажылдық сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар баланың үйіне барып салтанатты түрде табыстайды. Жаңажылдық іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматта өтеді, - деді басқарма басшысы.