Президент тапсырмасы: Ұстаздардың жалақысы артты

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұстаздар жалақысына қатысты мәселе көтерген болатын.

Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді, – деген еді ҚР Президенті.