Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарласын сапасыз әзірлегені үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров ескерту алды. Қан орталығы мен бірқатар денсаулық сақтау нысандарының құрылысының уақытында аяқталуын қадағаламаған Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Текешовкеқатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, осындай олқылығы үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов, Қарағанды мен Маңғыстау облыстарыәкімдерінің орынбасарлары Ғабит Мұхамбетов пен Сүйіндік Алдашев те ескерту алып тынды. Осылайша, еңбек кітапшалары бүлінген шенеуніктер тағы бірнеше рет сөгіс алса, біржола қызметтерінен қуылады. Еңбек заңының талабы солай. Ал Елбасытапсырмасының дереу жүзеге асуын президент әкімшілігі бақылауда ұстап отыр.