Президент Тоқаев Бауыржан Тортаевты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бауыржан Тортаев 2019 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.