Президент тұрмыстық зорлық-зомбылықа қарсы күрес туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті хабарлағандай, жыл басынан бері қолға алынған шаралардың арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылық саны 10,7 пайызға, соның ішінде кісі өлімі 211-ден 158-ге қысқарған.

Өткен жылы ішкі істер органдарының әйелдерді қорғау жөніндегі бөлімшелеріне 37 мыңнан астам әйел шағымданған. Дағдарыс орталықтарының көмегіне жүгінген әйелдер саны 11 мыңнан асады.


Құжатта отбасы-тұрмыстық қатынастар ұғымы нақтылаған. Мәселен, некеде тұрған, бір үйде тұратын адамдар ғана емес, бұрын некеде болған, кем дегенде ортақ бір баласы бар азаматтар да осы ұғымға енбек.