Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңның мақсаты Қазақстан Республикасының Әділет және Ішкі істер министрліктері арасындағы өкілеттілік аясын шектеуге саяды.
Ішкі істер министрлігінің ішкі әскеріне ер адамдарды қамауға арналған түзету мекемелерін күзету, ал қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне әйелдерді қамауға арналған тәрбиелеу колониялары, тергеу абақтылары мен түрмелер секілді түзету мекемелерін қорғау міндеті жүктеледі.