«Қазір дербес білім беру ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі заң жобасы парламент қарауында жатыр. Үкімет пен депутаттар осы мәселені мұқият зерделеуі тиіс», - деді мемлекет басшысы парламенттің кезекті сессиясын ашу барысында.
«Білім беру мекемелерінің басшылары мұны дұрыс түсінуі тиіс. Яғни, дербес болған соң бұрынғыдай ойына келгенін істеуге болады деп ойлауға болмайды», - деді президент.