"Үкімет қарастырылған әкімшілік реформаларды, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін дамыту шараларын халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық, қоғам алдында жауаптылық қағидаларына сәйкес жедел қарқынмен жүзеге асыруға тиіс",- деп мәлім етті Н. Назарбаев.
Ол сонымен қатар, "реформа төрешілдік пен сөзбұйдаға салушылықты төмендетуге себепші болуға тиіс" деп атап көрсетті. "Мемлекеттік қызмет - қызмет етуге тиіс",- деп атап көрсетті ол. Сондай-ақ, президент "әкімшілік реформалардың басты элементтерінің бірі жаңа маман саясаты болуға тиіс", деп атап өтті.
"Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа басқарушы формацияның кәсіби түпқазығын қалыптастыруға бағытталған заманауи көзқарас әзірлеу қажет",- деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, "жас ұрпаққа, "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне маңызды рөл берілуге тиіс". "Жас кәсіпшілер елде болып жатқан процесстерден өз орындарын таба біліп, болашақты құруға белсене атсалысуға тиіс",- деп атап көрсетті президент.